Жаңалықтар

Павлодарда темекіден өртенген пәтердің иесі қаза тапты

Павлодарда темекіден өртенген пәтердің иесі қаза тапты
Фото: © El.kz 20.12.2023 14:50 751

Павлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі қайтыс болды,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Түнде  сағат 00:37-де 101 пультіне Сұрағанов көшесі, 22 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына келген кезде бесінші қабатта орналасқан үш бөлмелі пәтерде үй заттары, жиһаздардың жанып жатқаны, пластикалық терезелер балқып кеткені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі 1977 жылы туған пәтер иесін ес-түссіз күйде шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Сағат 01:15-те өрт сөндіру қызметі тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Өрттің шығу себебі, темекіні тұтату кезінде отты дұрыс пайдаланбағаны белгілі болды.

Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 00:59-да өрт толығымен сөндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға