Павлодарда студентті соққыға жыққан оқытушының үстінен іс қозғалды
02.10.2023 10:34
Фото:
© Polisia.kz
Павлодар полициясы студентті сабақ үстінде соққыға жыққан колледж оқытушысының үстінен іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін ҚР Білім министрлігі ұстаздың студентке қол көтергені үшін жұмыстан шығарылғанын хабарлаған.
29 қыркүйекте энергиямен қамту сабағында мұғалімнің тақырып түсіндіру барысында оқушыны тұрғызып, тоқ күшін түсіндірем деп, соққыға жыққаны анықталды. 55 жастағы оқытушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады облыстық полиция бөлімінен.
Ведомство бұл оқиғаға колледж басшысы да жауап беретінін мәлімдеді. Барлық іс материалдары сотқа жіберілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

