Жаңалықтар

Павлодарда саяжайдан өрт шықты

Павлодарда саяжайдан өрт шықты
Фото: El.kz 25.04.2023 21:05 718

Бау-бақшаларда құрғақ шөп жанған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- 101 пультіне бүгін сағат 16:05-те «Энтузиаст» бау-бақшасында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 6 саяжай учаскесінде құрғақ шөптің жанып жатқанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Жалын жалпы аумағы 2 га жерді шарпыған. 

Өртті сөндіруге ТЖД 22 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Тілсіз жау сағат 17:58-де жойылды. Өрттің себебі мен залалы анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға