Жаңалықтар

Павлодарда қыруар қаржыға орнатқан шырша құлап қалды

Павлодарда қыруар қаржыға орнатқан шырша құлап қалды
Фото: Видеодан кадр 11.01.2024 04:38 868

Павлодарда алай-түлей боран соғып, орталық алаңда тұрған шыршаны құлатты. Аталған шыршаны орнатуға қала билігі 52 млн теңге жұмсаған еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Облыс орталығында құрылған жаңа шырша Арқаның дүлей дауылына шыдамай, омақаса құлады. Естеріңізде болса, бұл шыршаға бюджеттен бөлінген қаражат дау тудырған еді. Қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта темір құрастырманы бұзу жұмыстары атқарылып жатыр. Қала әкімі Хасар Қабылбеков те сол маңда жүр.

Бүгін таңертеңнен Павлодар облысы аумағында дүлей дауыл соғып тұр. Көптеген елді мекендерде электр жарығы қайта-қайта өшіп жатыр. Өңірлік төтенше жағдай департаменті қазір облыстық штаб қатты желдің салдарынан болған оқыс жайттар бойынша мәліметтерді жинап жатқанын мәлімдеді.

Еске салып өтейік, өткен жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласындағы 53 млн теңгеге салынған мұз қалашығының біраз бөлігі еріп кеткен. Ал Жаңа жыл мейрамын мерекелеуге жергілікті қазынадан жалпы сомасы 185 млн теңге бөлінгені қоғам тарапынан сынға іліккені мәлім.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от PN Pavlodar (@pavlodarnews.kz)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға