polisia.kz

Павлодарда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

07.03.2023 18:22

Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған өлі бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.

Осы факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.