Жаңалықтар

Павлодарда қараусыз қалған мал кесірінен жол апаты болды

Павлодарда қараусыз қалған мал кесірінен жол апаты болды
Фото: © Polisia.kz 20.12.2023 17:51 1017

Павлодарда қараусыз қалған мал кесірінен жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция тұрақты негізде қараусыз мал жайылымдарының алдын алу мен мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту, малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Осы жылы полицейлер 2756 мал иесін жауапқа тартты. Әрқайсысымен қайталанған бұзушылықтардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Алайда қабылданып жатқан шараларға қарамастан, иесіз мал жол бойында қараусыз жүр.Мысалы, сағат 01:15 шамасында Ертіс ауданы Қызылжар ауылының маңындағы Ленинский – Русская Поляна автожолында Audi 80 көлігінің жүргізушісі жолда жүрген жылқыға соқтығысқан. Учаскелік инспектор жылқы иесін анықтады, ол Қарақұдық ауылының 60 жастағы тұрғыны болып шықты.

Осы тасжолда, Қараөткел ауылының маңында 13 бас жылқы иесіз жайылып жүрді. Учаскелік инспектор 39 жастағы мал иесін анықтады. Республикалық маңызы бар Ленинский – Курчатов автожолында иесіз жайылып жүрген жылқылар жүргізушіге зиян келтіріп, ЖКО-ға себеп болды. 54 жастағы мал иесі, Майтүбек ауылының тұрғыны жазаланды.

Әрбір мал иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік іс жүргізу қозғалды, 3-тен 10 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынды. Сондай-ақ мал иелері бүлінген мүлік үшін жүргізушілерге материалдық шығын төлеулері керек, – деп айтылды Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінде.

Жалпы, өңір аумағында малға арналған 146 мамандандырылған тұрақ жұмыс істейді, онда полицейлер 23 мыңға жуық иесіз малды қамады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға