Жаңалықтар

Павлодарда полицейлер науқас баланың өмірін сақтап қалды

Павлодарда полицейлер науқас баланың өмірін сақтап қалды
Фото: © Polisia.kz 17.01.2024 14:39 815

Павлодарда полицейлер науқас баланы дереу ауруханаға жеткізуге көмектесті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атына Павлодар қаласының тұрғыны Берік Алпысбаевтан алғыс хат келді.

Құрметті министр! Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Қазбек Сыздықов пен Талғат Қамзинді екі жасар немеремнің өмірін сақтап қалып, уақытылы көрсеткен көмегі үшін өз құқықтарыңызбен көтермелеуіңізді сұраймын. 2023 жылдың 29 желтоқсанында немерем ауырып, есінен танып қалды және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж болды. Біз ауруханаға бара жатқан кезде жұмыс күнінің соңы болғандықтан жолда көлік көп болды. Қамзин көшесімен келе жатып, мен полиция қызметкерлерін көрдім, оларға жағдайды түсіндірдім. Олар менің өтінішімді бірден қабылдап, дереу жыпылықтайтын маяктарды қолданып, бізге жол ашып, ауруханаға ілесіп жүріп апарды және жедел жеткізді, онда дәрігерлер немереме қажетті көмек көрсетті. Қазіргі уақытта немеремнің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, ол емделуде. Павлодар облысының полицейлері мен басшылығына адамдардың қайғы-қасіретіне жанашырлықпен қарағаны үшін көп рақмет, – деп жазыпты қызметкерлерге алғыс жаудырған қария.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға