Павлодарда опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр
11.01.2024 01:37
Фото:
Павлодар облысының әкімдігі
Павлодар облысындағы «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап.
Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет. Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеуде.
Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда және тәулік бойы жүргізілу үстінде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

