Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты
12.10.2023 09:47
Фото:
Видеодан кадр
Павлодардағы Мұхтар Әуезов орта мектебінің асханасындағы тамақтан құрт шықты. Қалалық білім бөлімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда асхана тексеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін мектеп асханасындағы ботқадан жеміс құрты табылған. Әкімшілік дереу азық-түлікті толық тексерді. Дәл құрт табылған күні асханада алма сатылған, - делінген ведомство таратқан мәліметте.
Білім басқармасындағылар директорға сөгіс жарияланғанын мәлімдеді.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына хат жолданды. Бүгін осы факт бойынша тексеріс жүргізеді. Мектеп директорына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды, - дейді қалалық білім басқармасы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

