Жаңалықтар

Павлодарда көлік жүргізушісі мен бір топ адам жасөспірімді соққыға жыққан

Павлодарда көлік жүргізушісі мен бір топ адам жасөспірімді соққыға жыққан
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 05.09.2023 13:44 652

Павлодарда көлік жүргізушісі мен жолаушылар жасөспірімді ұрып-соққан. 17 жастағы кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, 4 қыркүйекте сағат 18.30-да колледж студенті Катаев көшесіндегі тротуармен келе жатқан. Белгісіз көлік өтіп бара жатып, оған су шашып жіберді, оған кәмелетке толмаған бала дөрекі түрде жауап берді. Мұны естіген көлік жүргізушісі тоқтады. Сөзбен ұрысып қалған кезде жүргізуші мен оның жолаушылары кәмелетке толмаған баланы ұрып-соққан.

Қазіргі уақытта жүргізуші анықталды, ол 27 жастағы павлодарлық болып шықты. Қалған қатысушылар мен болған оқиғаның мән-жайлары белгіленеді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен тергеу жұмыстары басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға