Жаңалықтар

Павлодарда граната жармақ болған азамат жауапқа тартылды

Саперлер жарылғыш затты тексеруде
Павлодарда граната жармақ болған азамат жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz 24.12.2022 16:30 1090

Павлодарда полицейлер «граната жармақ болған» 47 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр.

Сағат 11:30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, гранатаны жарып жіберемін деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.

Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді, - деп мәлімдеді полицияда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға