Жаңалықтар

Павлодарда есірткі жасырумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды

Павлодарда есірткі жасырумен айналысқан шетелдік екі азамат ұсталды
16.09.2023 09:48 732

Павлодар қаласында есірткі қоюмен айналысқан шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласының прокуратурасы бастамашылық еткен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Түркия азаматын ұстады, одан ақ түсті ұнтақ заты бар полиэтилен пакет тәркіленген көрінеді.

Ұсталған адамның телефонын тексеру барысында есірткі салған 2 орын анықталып, онда осыған ұқсас заттары бар 2 пакет алынып отыр.

Сонымен қатар тінту барысында ұсталған адамның үйінен есірткі салынған орауыш материал және «мефедрон» заты салынған пакет тәркіленді, бұл сараптамамен расталды.

Бұл дерек СДТБТ-да ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1,5-тармақтары (адамдар тобының алдын ала сөз байласу, ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы жасаған психотроптық заттардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелген. Тергеу сотының санкциясымен азамат А. 2 айға қамауға алынды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайласы 1982 жылы туған РФ азаматы да ұсталды. Оған қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға