видеодан кадр

Павлодарда есірткі пайдаланып, жүк көлігін тізгіндеген ер адам ұсталды

Полицейлер 36 жастағы жүргізушіні Павлодар-Қызылорда тас жолында тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Әңгімелесу кезінде жүргізушіде орынсыз мінез-құлық байқалған. 

Ер адам көлікті есірткіге мас күйінде басқарғаны анықталды.

Сондай-ақ оның 2024 жылы көлік құралын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны белгілі болды.