Павлодарда еңбек ардагерлеріне қошамет көрсетілді
Павлодар қаласындағы Достық үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Бағдарлама мемлекеттік мекемелердің құрметті еңбек ардагерлеріне арналды. Мереке барысында кәріс этномәдени бірлестігінің хореографиялық ансамбльдері, «Самұрық» би ансамбілі, Достық үйінің квартеті, сондай-ақ танымал әншілер қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық тілеймін. Тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізбен бөлісіп, қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін мың алғысымды білдіреміз сіздерге», - деді өз сөзінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Сатыбаев.
Мереке барысында ардагерлерге арналған музыкалық сыйлықтар, ізгі тілектер мен құттықтаулар арналды.