Павлодарда бүлдіршін бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: Fishki.net
Фото: Fishki.net
28.04.2023 17:01
998
Оқиға 27 сәуір күні Павлодар қаласына қарасты Мойылды ауылында болған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 12:41 шамасында 2018 жылы туған бала бесінші қабаттан құлаған. Сағат 13:20-да облыстық балалар ауруханасының травматологиялық бөлімшесіне жеткізілген.
- Баланы травматолог, хирург, реаниматолог қарады. Содан кейін шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы, оң жақ өкпенің зақымдалуы, іштің сыздап ауруы анықталды. Ота жасалды, - делінген басқарма таратқан мәліметте.
Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Серік Күдебаевқа сот үкімі шықты