Павлодарда бес қабатты үйдегі өрт кезінде 3 бала құтқарылды
24.04.2025 23:12
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Павлодарда бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтерде өрт шықты. Оқиға Желтоқсан көшесі бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатты түтін салдарынан баспалдақ маршымен 12 адам эвакуацияланып, 3 бала құтқару қалпақтары арқылы жану өнімдерімен уланудан құтқарылды.
18 шаршы метр алаңды шарпыған өрт дер кезінде сөндірілді. Көміртегі тотығымен уланған бір ер адам ауруханаға жатқызылды.

