pexels

Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секірген

30.07.2025 14:44

Әлеуметтік желілерде Павлодарда болған қайғылы оқиға туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының хабарлауынша, шақырту 30 шілде күні сағат 13:00-де түскен.

Нұрмагамбетов көшесіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатынан әйел екі баласын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткені туралы өтіп бара жатқан адам хабарлаған. Бірінші кезектегі жеделдікпен оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді, – деп мәлімдеді медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Дәрігерлер алты минут ішінде оқиға орнына жеткен.

Екі бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Әйел де ауыр жағдайда Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді, – деді жедел жәрдем өкілдері.

Павлодар облысындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова хабарлағандай, зардап шеккен балалардың жасы – бір жарым және бес жас.

«Оқиға кезінде пәтерде зардап шеккен үш адамнан басқа ешкім болмаған», – деп нақтылады уәкіл.

Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.