Жаңалықтар

Павлодарда ауыл маңы өртеніп жатыр

Павлодарда ауыл маңы өртеніп жатыр
Фото: © Pixabay.com 20.05.2023 22:47 673

Павлодар облысындағы Кенжекөл ауылының маңында дала өрті тұтанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тілсіз жау жақын маңдағы елді мекендер мен мемлекеттік орман қорына қауіп төндірмегенін айтуда.

Сағат 20.30-да Павлодар қаласы Кенжекөл ауылы, резиденцияға бірінші кіреберіс жол жақта қураған қамыс өртене бастады. Өрт сөндіру қызметкерлері жалын 4 гектар аумақта жанып, таралып жатқанын анықтады. Жерлер мемлекеттік орман қорына жатпайды. Павлодар облысы, Зарин ауылдық округіне тиесілі, - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Өртті сөндіруге 3-ӨБ, 11-ӨБ, МӨБ-1, Кенжекөл ауылының өртке қарсы ерікті құрылымынан 5 адам мен 7 өрт сөндіру техникасы, бір жеңіл автокөлік жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға