Жаңалықтар

Павлодарда алаяқтар туралы ескертулер жазылған азық-түлік өнімдері пайда болды

Павлодарда алаяқтар туралы ескертулер жазылған азық-түлік өнімдері пайда болды
Фото: © Polisia.kz 31.07.2023 09:25 902

Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Облыстағы дүкен сөрелерінде алаяқтардан қалай сақтануға болатыны туралы жазба бар азық-түлік өнімдері пайда болды. Полиция мұны жергілікті тауар өндірушілермен бірігіп жасаған.

Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

Оқи отырыңыз:

Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.

Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет, – деді тұрғындардың бірі.

Ескертулері бар жадынамалар «полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға