Павлодарда 52 млн теңгеге алдаған екі алаяқтық фактісі анықталды
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
01.02.2023 12:01
1261
Алаяқ Успен ауданының тұрғынына күнбағыс тұқымын жеткізіп беремін деп 28 млн теңгесін алдап алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ІІМ-ге сілтеме жасап.
Ал кейіннен іскер павлодарлық РФ Барнаул қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың бірінің бидайын иемденіп алған. Жалпы шығын 24 млн теңгеден асты.
Жедел уәкілдер Павлодар қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Облыста осыған ұқсас жеті эпизод тіркелді.
Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам УҰИ-ға қамалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақ ғалымы ерекше әдістеме ойлап тапты
Келесі жаңалық
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды