Павлодарда 50 мыңға жуық оқушы Әнұранды шырқайды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
14.10.2022 08:01
Фото:
ашық дереккөзден
Жас өрендер Әнұранды 12-22 қазан аралығында күнделікті шырқайтын болады, деп хабарлайды EL.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша білім беру ұйымдары бұқаралық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Балаларды жұмыспен қамту және дарындылығын дамыту орталығы «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас Ұлт» қалалық пікір-сайыс турнирін, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Менің Қазақстаным» көрмесін және «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы жаппай жеңіл атлетика жарысын ұйымдастырмақ.Ел бірлігі мақсатында 12-22 қазан аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 47 мыңнан астам оқушысы күн сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауға қатысады, - деді басқармада.Сонымен қатар, 1-11-сыныптардың 40 мыңнан астам оқушысы Е.Серікбаевтың әні мен А.Жаппарқұловтың сөзіне жазылған «Жаса, Қазақстан!» әнін орындауға арналған челленджге қатысады. «Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашақ!» ұранымен мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді білуге арналған зияткерлік сайыстар ендігі кезекте басталып кетті.
Айта кетейік, Республика күні елімізде араға 13 жыл салып, қайта тойланатын болады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

