Жаңалықтар

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, қайтыс болды

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, қайтыс болды
Фото: Әлеуметтік желіден 11.08.2023 12:19 1062

Павлодарда 4 жасар қыз терезеден құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Полиция дерегінше, 10 тамыз күні Павлодар қаласында сағат 22:35-те Ак. Шөкин көшесіндегі үйде 4 жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен. Бала алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды.

Факт тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Павлодарлық полицейлер ересектерге қауіпсіздік шаралары туралы еске салады:

– терезелерді ашық қалдырмаңыз; – терезелерге металл торларды орнатыңыз; – терезелердің жанында жиһаз жоқ екеніне көз жеткізіңіз, оның көмегімен бала терезеге өздігінен көтеріле алады;

– құлыптар мен бекітпелерді тексеріңіз, сонда балалар терезені өздігінен аша алмайды;

– баланы тіпті қысқа мерзімге де қараусыз қалдырмаңыз. Балаға терезеге көтеріліп, терезені ашу үшін 10-20 секунд жеткілікті;

– балаларға төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһазға секіруге жол бермеу керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға