Жаңалықтар

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті

Павлодарда 4 жасар қыз бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 10.05.2024 14:17 718

Оқыс жағдай 9 мамырда күндіз Павлодарда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 9 мамыр сағат 14.50-де түскен. Биіктен құлағанын ескерген бірінші санатты жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына 5 минут ішінде жеткен.

103 операторына көпқабатты үйдің 5-қабатынан 4 жасар бүлдіршіннің құлап кеткені туралы ақпарат түсті. Ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне жатқызылды, - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Баланың миы шайқалып, жабық ми жарақатын алған. Қыз қазір травматология бөлімінде жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға