Жаңалықтар

Павлодарда 16 жастағы жетім қызды жабылып зорлаған 3 жігіт сотталды

Павлодарда 16 жастағы жетім қызды жабылып зорлаған 3 жігіт сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 11.08.2023 10:15 1474

Павлодарда 16 жастағы қызды жабылып зорлаған 3 жігітке үкім шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот олардың біреуіне 15 жыл, қалған екеуіне 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Оған қоса зардап шегушіге 8 млн. теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге салайық, сұмдық оқиға өткен жылы тамызда болған. Жетімдер үйінде өскен қызды туған күн тойлаймыз деп алдап, пәтерге апарған. Сол жерде 3 бірдей жігіт оны зорлап, бұл әрекеттерін видеоға түсірген. Бұндай қорлыққа шыдамаған қыз 10 қабаттың терезесінен секіріп, мүгедек болып қалды. Қазір өздігінен жүре алмайды. Әлі аурухана жағалап, ем алып жүр.

Сот Игембаев Данил Константиновичті ҚР Қылмыстық кодексінің 120 бабы 3 бөлігі және 121 баптың 3 тармақшасы бойынша кінәлі деп тауып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Ал Кастретов Рүстем Талғатұлын және Сайлаубаев Асан Жанболатұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 434 бабы бойынша кінәлі деп тауып, әр қайсысын 4 жыл бас бостандығыннан айыру жазасын кесті. Сот шешімі шыққан күннен бастап күшіне енеді, - деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Нұрланов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға