Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр
Мөлдір Қайнар тілші
Павлодарда 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Қыздың хабарсыз кеткеніне үш күн өткен. «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр.
4 мамыр күні Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған.
Қыздың бойы - 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген.
Көрген-білген жандар болса, полицияға хабарласуын сұрайды.

