Павлодарда 13 жыл іздеуде болған әйел ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
03.11.2023 10:41
945
Павлодарлық жедел уәкілдер алаяқтық жасағаны үшін соттан жасырынған 67 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол 2006 жылы Алматы қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді ресімдеу қызметтерін ұсына отырып, бір әйелді 36 миллион теңгеге алдаған.
Күдіктінің берген уәделерін күтіп шаршаған жәбірленуші полицияға арызданған. Ал 2010 жылдан бері күдікті мүлде жоғалып кеткен.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық құқық бұзушыларды іздестіру жұмыстары полиция басшылығының ерекше бақылауында. Тек осы жылы Павлодарлық жедел уәкілдер 126 қылмыскерді іздестірді.
– Сот төрелігінен қашып жүргендер жасаған әрекеттері үшін әлі де жауап беруі керек, – деп атап өтті полиция.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты