Жаңалықтар

Павлодар қаласының әкімі тағайындалды

Павлодар қаласының әкімі  тағайындалды
Фото: Алибек Дженалинов 30.12.2022 11:02 1297

Павлодар қаласының әкімі болып Ержан Иманзаипов тағайындалды. Қаланың жаңа әкімін аймақ басшысы Асайын Байханов таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2021 жылдан бері Ержан Иманзаипов Павлодар қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.

Кандидатура ҚР Президенті әкімшілігімен келісіліп, қала мәслихаты депутаттарымен мақұлданды. Асайын Байханов жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі.

- Облыс орталығына әкім болу - ауыр әрі жауапты міндет. Халықпен тығыз байланыс жасау керек. Мемлекеттік органдар мен коммуналдық ұйымдардың жұмысын байланыстыра отырып, тұрғындардың өтініші уақытылы орындалуы тиіс. Қаланың одан әрі дамуы басты назарда болады. Сондықтан қызметіңіз берекелі болсын. Сәттілік, - деді Асайын Байханов.

Ержан Бейбітұлы Иманзаипов 1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығы бойынша, 2010 жылы – Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек қызметін 2006 жылдың наурызында Павлодар қаласы «Павлодарэнерго» акционерлік қоғамының машинист-қараушысы болып бастады.

«Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұрғындармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы; Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің жетекші маманы болып істеді.

2007 жылдың наурызынан бастап 2014 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінде жетекші маман лауазымынан Департамент директорының орынбасары лауазымына дейін қызмет етті.

2014 – 2017 жылдары Павлодар және Екібастұз қалалары әкімінің орынбасары;

2017 – 2019 жылдары Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы;

2019 – 2020 жылдары Екібастұз қаласының әкімі.

Мемлекеттік қызмет өтілі 15 жылдан асады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға