Жаңалықтар

Павлодар облысының әлеуметтік нысандары жылу беру маусымына 95% дайын

Павлодар облысының әлеуметтік нысандары жылу беру маусымына 95% дайын
Фото: Павлодар облыстық әкімдігі 20.08.2023 22:13 941

Павлодар облысында 586 білім беру мекемесінің 538-інде жылу беру маусымына дайындық жүргізілді. Алайда дайындық туралы актілерді тек 220 ұйым алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет нысандары 93-95% дайын, кестеден артта қалушылық жоқ.

Жоспар бойынша әлеуметтік нысандарға көмір жеткізілуде, тұрғындарға арналған көмір қоры 12 мың тоннадан асады.

Біздің басты міндетіміз - барлық тұрғын және әлеуметтік нысандарды 100% дайындау. Бұл ретте, әлеуметтік нысандардың, мектептердің, балабақшалар мен ауруханалардың дайындығына әкімдер жеке жауапты болады. Сіздердің міндеттеріңіз - ведомстваға бағынысты болмаса да,  аумақтарыңыздағы нысандардағы барлық жөндеу жұмыстарына бақылау жасау, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Жиналыстың қорытындысы бойынша өңір басшысы аудан әкімдері мен салалық басқармалардың басшыларына 15 қыркүйекке дейін барлық әлеуметтік нысандарды жылу қабылдауға дайындауды, ал, 1 қазанға дейін әлеуметтік нысандарды қатты отынның жеткілікті көлемімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға