politic.kz

Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылды

01.12.2022 10:49

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын. Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалсын", - делінген Президент Жарлығында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен бірнеше өңірдің әкімі бұрынғы лауазымына қайта тағайындалды.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалса, Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.