Павлодар облысының Ертіс ауданына жаңа әкім тағайындалды
Павлодар облысының Ертіс ауданының әкімі болып Болатбек Шәріпов тағайындалды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
49 жастағы Болатбек Шәріпов - Павлодар облысы Ертіс ауданының тумасы.
Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар мемлекеттік облыстық тәжірибе станциясында бастаған.
Ұзақ жылдар аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқарды. 2008 жылдан 2012 жылға дейін Қызылжар ауылдық округі мен Ертіс ауылының әкімі қызметін атқарды.
Тағайындалғанға дейін Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
Жаңа әкімді аудан активіне таныстыра отырып, Әбілқайыр Сқақов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар міндеттер қойды.
Олардың қатарында жергілікті атқарушы органдардың жұмыс сапасы, жылыту маусымына дайындық және ауыл шаруашылығы саласын дамыту.