Жаңалықтар

Павлодар облысындағы төрт ауылда қуаңшылық болуы мүмкін

Павлодар облысындағы төрт ауылда қуаңшылық болуы мүмкін
Фото: © El.kz 16.07.2023 04:33 906
Павлодар облысындағы төрт ауылға қуаңшылық қаупі төніп тұр, жаңбырдың кеш жаууы салдарынан ауылдарда егін шықпай қалуы мүмкін. Бұл туралы pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріповтің сөзіне қарағанда, су жағасындағы елді мекендерде егін мәселесіне қатысты жағдай қиындауы мүмкін. 

Бүгінде егін егілді, бірақ биыл қуаңшылыққа байланысты судың жағасында орналасқан ауылдарда егін мәселесіне қатысты жағдай қиын болуы мүмкін. Қызылжар, Қарақұдық, Иса Байзақов, Северный ауылдық округтерінде жауын кеш жауды, сондықтан олар құрғақшылыққа тап болды. Болжам бойынша,  егістік көлемінің 10-15 мың гектары жарамсыз  болып қалуы мүмкін, - деді Ертіс ауданының әкімі.

Ертіс ауданы әкімін Панфилов, Ұзынсу, Қосағаш, Ағашорын,  Қоскөл, Амангелді ауылдық округтерінде екі рет өткінші жаңбыр жауып өткендіктен, жағдай бірқалыпты екенін айтады. 

Далалық аумақтағы ауылдарда астық өнімділігі жақсы болады. Себебі бұл елді мекендерде жаңбыр жауып, қуаңшылықтан аман қалды. Агроном ретінде бидай 10-12 центнер деңгейінде тұрғанын көріп тұрмын, - деді Болатбек Шәріпов.

Сондай-ақ Болатбек Шәріпов ауданда қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай режимін енгізу туралы мәселе жоқ екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға