El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ

Павлодар облысында зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сондай-ақ, осы адамдардың кәмелетке толмаған адамға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері фактісі бойынша тергеу басталды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, – дейді департаментте.