Павлодар облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
13.06.2023 12:40
Фото:
t.me/POLICE_of_KZ
Оқиға Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусым күні Шарбақты ауданының Галкино-Жаңаауыл аудандық маңызы бар автожолының 10 шақырымында ВАЗ-21703 автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, аударылды.
Салдарынан 2004 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 1987 жылы туған жолаушы ауруханада қайтыс болды. Түрлі жарақаттары бар тағы екі жолаушы ауруханаға жеткізілді, - делінген мәліметте.
ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

