Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
08.10.2022 13:05
Фото:
Рolisia.kz
Павлодар облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды El.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанында болған. «Ленинский – Курчатов» автожолының 55-ші шақырымында 40 жастағы «Нива» көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, сол бағытта жол жиегінде тұрған «КамАЗ» 5320 машинасының тіркемесімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің 40, 12 және 6 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді», - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

