gov.kz

Павлодар облысында жоғалып кеткен 7 жасар қызды 320 адам іздеп жатыр

19.11.2023 16:45

17 қараша сағат 21:48-де Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қаласы, Бесқауға ауылында 2015 ж.т. бала жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Баланы іздеуге құтқарушылар, кинологтар, полиция, ЖАО мен еріктілер жұмылдырылды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. 

Іздестіруге барлығы 320 адам, 72 техника тартылды.