Павлодар облысында екі балықшының мәйіті табылды
10.10.2022 15:15
Фото:
polisia.kz
Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
"10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қутаяқсор көлінде 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 8 қазанда Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, оның 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, 5 қазанда сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігін басқарып, танысымен бірге балық аулауға кеткен.

27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады