Жаңалықтар

Павлодар облысында қатты желден 21 ауыл жарықсыз қалды

Павлодар облысында қатты желден 21 ауыл жарықсыз қалды
Фото: Павлодар облысы ТЖД 08.03.2023 12:09 1056

Павлодар облысында түнде соққан қатты жел салдарынан облыстағы 21 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, электр желілеріндегі апатты жоюға 22 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Ведомствоның мәліметінше, желдің екпіні секундына 27 метрге дейін жеткен.

"8 наурызда сағат 04:15-те Жаңатлек кентінде Б.Хайдаров атындағы мектептің 51 шаршы метр аумақта шатыры жартылай опырылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Ал Павлодарда сағат 06:30-да 4 қабатты әкімшілік ғимарат шатырсыз қалды.

"Ғимараттың 1440 шаршы метр алаңында қаңылтыр шатыр ұшып кеткен. Ғимарат 1980 жылы салынған және кейінгі рет былтыр жөндеуден өткен", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға