Павлодар облысында қамауда отырған балалар құтқарылды
Мөлдір Қайнар тілші
Павлодар облысының Павлодар ауданында үш күн бойы сыртқа шықпай, үйде қамалып отырған кәмелетке толмаған балалар құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Прокуратура 17 мамырда рейдтік іс-шара кезінде тұрмысы нашар отбасын анықтады. Белгілі болғандай, сол уақыттары балалардың ата-анасы ішімдік ішкен. Балалар үш күн бойы сыртқа шықпай, мектепке де бармай, үйде қамалып отырған.
Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдары: білім беру бөлімі, полиция бөлімі, денсаулық сақтау бөлімімен бірлесіп, балаларды босатып, алғашқы қажетті көмек көрсетті.

