Жаңалықтар

Павлодар облысында понтон көпірі суға батып кетті

Павлодар облысында понтон көпірі суға батып кетті
Фото: instagram.com/nurlan_dyussimbinov 13.07.2024 16:41 594

Павлодар облысының Көктас ауылындағы Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірі суға батып кетті. Бұл туралы Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шаһар әкімі жұмыс сапары кезінде түсірілген видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Қанаш Қамзин ауылдық округінің Көктас ауылына жұмыс сапарымен бардым. Белая өзені арқылы өтетін понтон көпірін тексердім. Қазіргі кезде понтон көпірі батып кетті. Бірінші кезекте, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардан ауыл шаруашылығы техникасын тарту арқылы оны шығарып алу және жөндеу жоспарлануда. Баламалы жолдар да қарастырылады, бұл техника мен адамдардың қарама-қарсы жағалауға паромдық өткелдерін ұйымдастыру. Сонымен қатар жаңа понтон көпірін салу үшін ЖСҚ әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді, - деп жазды әкім.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нурлан Шайхслямович Дюсимбинов (@nurlan_dyussimbinov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға