Павлодар облысында полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
23.02.2023 19:27
1173
Ер адамның мәйіті мал қорасынан табылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінен табылған.
Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан.
– Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға