Жаңалықтар

Павлодар облысында өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінен 2 тікұшақ бөлінді

Павлодар облысында өртті сөндіруге Қорғаныс министрлігінен 2 тікұшақ бөлінді
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 16.07.2023 10:22 718

Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы «Ертіс орманы» МТОР ММ аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарына тікұшақтар жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 329 адам, 101 бірлік техника және 2 борт (МИ-8 және ТЖМ Еврокоптер) бекітілген. Оның ішінде ТЖМ 161 адам ж/қ, оның ішінде Павлодар облысының ТЖД 40 адам ж/қ; 24 бірлік техника, Астана қ. ТЖД 67 адам ж/қ, 15 бірлік техника, Қарағанды қ. ТЖД 33 адам ж/қ және 6 бірлік техника, ШҚО ТЖД 21 адам ж/қ және 5 бірлік техника; «Ертіс орманы» 32 бірлік техника, 130 адам, ПД 4 бірлік техника және 8 адам ж/қ, ЖАО 26 адам және 13 бірлік техника, Қазақстан Алюминийі 4 адам ж/қ және 2 бірлік техника бар. 

Сондай-ақ, қосымша сағат 5.13-те Семей қаласынан Қорғаныс Министрлігінің Ми-17, Ми-171 ұшақтары арнайы келді. 

Таңғы сағат 7:30-да ТЖ Министрі және облыс әкімі орманшылықтар аумағын әуеден тексерісінен өтті. 

Өрттің белсенді фазасы Бауыртал орманшылығының 98 кварталында, онда өрт кей жерлерде төменнен жоғарыға ауысып тұр. Жұмылдырылған ресурстармен өртті қайта болдырмау мақсатында өрттің шоқтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ, - деп жазылған Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға