Павлодар облысында боран кезінде полиция жүгіріп жүріп жол көрсетті
13.01.2024 11:22
Фото:
ІІМ-нің баспасөз қызметі
Қазақстандықтар қолайсыз ауа райында жолдағы көмегі үшін полицейлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысында жолаушылары бар автобус жүргізушісіне қатты боранда полицейлер жүгіріп жүріп жол көрсетті. Бұл Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің Атамекен кентінің учаскелік инспекторлары Серік Әбішев пен Алмас Қыпшақбаев сынды азаматтар.
- Далада бораннан көзге ештеңе көрінбей, тіпті жүру де мүмкін болмай, жолда қатты боран соқты. Біз дереу әрекет етуіміз керек болды, мен автобустың алдына шығып, ал артында әріптесім жүгіріп жүріп жол көрсеттік. Мұнда ойланып тұруға уақыт болмады, батып қалған машиналарды итеруге тура келді. Біз үшін ең бастысы – адамдар зардап шекпеуі үшін көмектесу болды, - деді Серік Әбішев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

