Жаңалықтар

Павлодар облысында бір қала кеміп қалды

Павлодар облысында бір қала кеміп қалды
Фото: Әлеуметтік желіден 27.04.2023 17:45 636

Павлодар облысының мәслихатында Курчатов қаласының аумағын Абай облысының қарамағына беру мәселесі қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған ұсынысты Павлодар облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Хамитов ұсынды.
Ол жаңадан құрылған Абай облысы Шығыс Қазақстан облысының сегіз ауданынан және Семей қаласынан құрылғанын еске салды. Оның құрамына Курчатов та енді. Қала Павлодар облысының шекарасында орналасқан, бірақ іс жүзінде Шығыс Қазақстан облысына қарасты болып келді.

Қаланың жалпы ауданы 11 гектарды құрайды. Курчатовтан түсетін салықтар облыстық бюджетке түспейді, қала бюджетінде қалады. Бұл шешім Павлодар мен Абай облыстарының шекарасын ретке келтіруге мүмкіндік береді, – деді Мұрат Хамитов.

Мәслихат депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға