Павлодар облысында баласын аштан өлтірген ана сотталды
Фото: ©pixabay.com
Фото: ©pixabay.com
15.05.2024 11:27
770
Екібастұзда сегіз айлық баласына тамақ бермей, аштан қатырған әйел сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шідерті кентінің тұрғыны сотта кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін мәлімдеді. Оның кінәсі сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен, сарапшының айғақтарымен, басқа да құжаттық және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Сотталушының жеке басы мен отбасылық жағдайын ескере отырып, сот оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал әйелдің қалған екі баласы мемлекет қамқорлығына өтіп, өзі ата-ана құқығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға