Жаңалықтар

Павлодар облысында амнезиямен ауыратын қарт әйел жоғалып кетті

Павлодар облысында амнезиямен ауыратын қарт әйел жоғалып кетті
Фото: Видеодан кадр 10.11.2023 10:07 1529

Павлодарлық Костынюк Надежда 1949 жылы туған. Ол 4 қарашада үйден шығып кеткен, қазір қай жерде екені әлі белгісіз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Әйел амнезиямен ауырады, мезгіл-мезгіл есте сақтау қабілетін жоғалтады, бұрын үйден кетіп қалған, бірақ табылған.

4 қарашадан бастап полиция қызметкерлерінен басқа іздестіру іс-шараларына ТЖ қызметкерлері, кинологиялық қызмет, "Vita" еріктілері және бей-жай қарамайтын ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Іздеу үшін ұшу аппараттары (дрондар) мен тікұшақ қолданылуда, - деді Павлодар облысы Успен ауданы полиция бөлімінің бастығы Асқар Аралбаев.

Бұл аймақта Ресейге апаратын жолдар жақын, сондықтан полицейлер әйелдің Павлодар облысынан тыс жерлерге шығуы мүмкін деп ойлайды.

Әйелдің киімі: сары күрте, басында қызыл түсті тоқылған қалпақ, резеңке галош.

Жоғалған Костынюк Надежда Ивановнаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білген адамның барлығын полицияға 102 телефоны бойынша хабарлауын сұраймыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға