Жаңалықтар

Павлодар облысында алимент төлемеген 129 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында алимент төлемеген 129 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: El.kz 21.07.2023 16:30 953

Жыл басынан бері Павлодар облысында алимент бойынша 129 борышкер әкімшілік жауапкершілікке, 8 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Екібастұз қаласы мен Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде Әдлет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің дерегінше, Павлодар облысы бойынша 310 мың атқарушылық іс жүргізудің 17 мыңнан астам құжаты алимент өндірістеріне жатады. Алимент өндіріп алу ұзақ процесс және айтарлықтай күш-жігерді қажет етеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста алимент бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 129 борышкер әкімшілік, 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, алимент бойынша 240 млн теңгеден астам берешек өндірілді. Сот орындаушылардың көмегімен 136 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, Азамат Есқараев мобильды қосымшаларда министрліктің 32 қызметі бар екенін атап өтті. Оның 28-і EgovMobile және 4-еуі екінші деңгейдегі банктердің мобилды қосымшаларында орналастырыған.

Кездесу барысында өңір жұртшылығы атқарушылық іс жүргізу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, АХАТ, нотариат және адвокаттық қызмет мәселелерін қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға