Жаңалықтар

Павлодар облысында әкімдік қызметкерлері 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Павлодар облысында әкімдік қызметкерлері 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 04.05.2024 10:17 1543

Павлодарда 90 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырған бес экс-шенеунік сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қызметтік бабын пайдалана отырып, мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы төлеу арқылы бюджеттен 89 миллионнан астам теңгені жымқырған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай төмендететін, осы аталған жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кінәлі тұлғаларға Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігі негізінде әртүрлі мерзімге 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады, - делінген сот хабарламасында.

Сотталғандарға жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер белгіленген. Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға