Жаңалықтар

Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген

Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген
Фото: pixabay.com 29.11.2024 09:24 136

Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас халде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі KazTAG-қа сілтеме жасап.

Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас халде жүргізген. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды, - деді әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Іскендіров.

Айта кетсек, Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға былтыр желтоқсанда тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға