Жаңалықтар

Павлодар облысында 9 адам хлордан уланды

Бассейнге шомылып, ондағы шамадан тыс хлордан уланып қалған
Павлодар облысында 9 адам хлордан уланды
Фото: massaget.kz 26.08.2022 20:20 878

Павлодар облысында саунаға түскен 5 бала мен 4 ересек адам судағы хлордан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

24 тамыз күні Ақсу қаласындағы саунада үш отбасы жиналып, туған күнін атап өткен. Мерекеге жиналғандар бассейнге шомылып, ондағы шамадан тыс хлордан уланып қалған. Тоғыз адамға, оның ішінде бес балаға медициналық көмек көрсетілді.

Дәрігерлер тексергеннен кейін үш жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі - 3-сынып оқушысы, екіншісі - 1-сынып оқушысы, ал  үшіншісі - 14 жастағы Германия азаматы.

- Балалар жеңіл уланған. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, олар ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, - деп мәлімдеді департаментте.

Сондай-ақ бес жасар қыз бала мен төрт ересек адам жеңіл дәрежеде уланған. Тағы бір 9 жасар қыздың көзінің айналасын күйік шалған.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға