Павлодар облысында 4 жасар қызды субұрқақта тоқ соқты
EL.KZ Информационно-познавательный портал
Оқиға Ақсу қаласында болған. Бала ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шақырту бүгін сағат 15:45-те келіп түскен.
- Жедел жәрдем Ақсудағы Астана көшесінде орналасқан субұрқаққа 3 минутта жетті, - делінген хабарламада.
2019 жылы дүниеге келген қыз жарақат алған. Дәрігерлер баланың миы шайқалуы мүмкін екенін айтады.
Тоқ соққан қыз қалалық ауруханаға жеткізілді.

